«Зейін» әлеуметтік - педагогикалық жобасы аясындағы шеберлік сабақтар
![«Зейін» әлеуметтік - педагогикалық жобасы аясындағы шеберлік сабақтар](/media/img/blogs/652677d263171.png)
2023 жылдың 10 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мамандандырылған мектеп-интернаттарының және қалалық, аудандық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне ZOOM платформасы арқылы «ЗЕЙІН» ӘЛЕУМЕТТІК - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ аясындағы шеберлік сабақтары өткізілді.
Семинар барысында келесі педагогтер:
- Қарағанды облысы Абай ауданы Абай қаласының «Нұркен Әбдіров атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ мұғалімі Төлетай Айдана;
- Бұқар жырау ауданы «Көкпекті ЖББМ» КММ мұғалімі Жалелова Мая Армиевна;
- Балқаш қаласы «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі Айтқұлова Гүлшара Серікқызы шеберлік сабақ көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға облыстың 100-ден аса педагогтері қатысты.