Анонс
18-10-2023 15:44

2023 жылдың 18 қазан күні «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» ҚМҚК  және «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен дана халқымыздың дара перзенті, балалар әдебиетінің мұзбалағы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Мұзафар Әлімбаев – балалар әдебиетінің классигі» тақырыбында облыстық фестиваль өтеді.

Балқаш қаласы мұғалімдерінің  қатысуымен өтетін тың идеяларға толы, кәсіби өсуге бағытталған тәжірибе алмасу мақсатындағы фестиваль аясында ашық сабақтар, шеберлік сыныптар және сыныптан тыс іс-шаралар өткізіледі.

Өтетін орны:Балқаш қаласы білім бөлімінің «Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия» КММ

Өтетін уақыты:сағат 09.00.