Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған семинар
18-10-2023 13:19
Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған семинар
      2023 жылдың 18 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік
 орталығы Қарағанды облысының «Өркен» педагогтерінің қоғамдық бірлестігімен бірлесіп 
қосымша білім беру ұйымдарының жас педагогтеріне арналған семинар өткізді.
Семинар барысында Абай ауданының «Ш. Қалдаяков атындағы балалар өнер мектебі» 
КМҚК педагогтері білім беру үдерісін ұйымдастырудың заманауи тәсілімен бөлісті.