«Құндылықтарға негізделген білім мен тәрбие беру» облыстық семинары
19-10-2023 16:41
«Құндылықтарға негізделген білім мен тәрбие беру»  облыстық семинары

      «Білім-инновация» лицейлері құрылтайшыларының бірі – «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қорының 30 жылдығына орай 2023 жылдың 19 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының мен«№1 және №2«Білім-инновация» лицей-интернаттарының ұйымдастыруымен «Құндылықтарға негізделген білім мен тәрбие беру»тақырыбында облыстық оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға қатысушыларға арнап Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының кеңесшісі, профессор, Қазақстан Республикасы ұлттық білім Академиясының корреспондент мүшесі Қонтаев Сабит Сейітұлы алғы сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды.  

          Семинарға облыстың Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Балқаш қалаларынан және Абай, Шет аудандарынан пән мұғалімдері мен директор орынбасарлары қатысты. Семинар аясында №1, №2 «Білім-инновация» лицей-интернаттарының мұғалімдері шеберлік сыныптары мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізіп, бүгінгі күнде білім мен тәрбие беру саласында өзекті болып отырған  «Сабақтағы және сабақтан тыс құндылықтар», «Оқу-тәрбие процесін цифрландыру мүмкіндіктері», «Оқушыларға кәсіптік бағдар берудегі жаңа бағыттар»,«Әке тағылымы – өмірлік сабақ», «Оқушыларды пән олимпиадаларына дайындау жолдары», «Оқушының жеке даму жоспары» тақырыптар бойынша ой қозғап, педагогикалық іс-тәжірибелерімен бөлісті.

          Семинар қорытындысы бойынша рефлексия өткізіліп, онда аталған іс-шаралардың маңыздылығы мен өзектілігі атап өтілді.