Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 24 қазан күні тарихи сауаттылық апталығын қорытындылау мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Мәдени мұра» тақырыбында шеберлік сынып семинарын өткізді.
Семинар Қарқаралы қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы №2 ЖББ мектеп базасында өтті. Семинар барысында Абай және Қарқаралы аудандарының педагогтері іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар қорытындысы бойынша құттықтау марафоны өтті, онда семинарға қатысушылар «Сүйікті өлкеме арнау» атты өздерінің құттықтауларын жазып, 2028 жылға дейін уақыт капсуласына салынды.
Семинарға Балхаш, Саран, Шахтинск қалалары және Абай, Бұхар Жырау, Шет, Ақтоғай аудандарынан 50 –ден астам облыс педагогтары қатысты.