«Мәдени мұра» облыстық семинары
24-10-2023 14:56
«Мәдени мұра» облыстық семинары

      Қарағанды  облысында  білім беруді  дамытудың  оқу-әдістемелік  орталығы   2023 жылдың  24  қазан  күні  тарихи   сауаттылық  апталығын  қорытындылау  мақсатында  мектепке дейінгі  ұйымдар арасында  «Мәдени мұра»  тақырыбында  шеберлік сынып  семинарын  өткізді.

          Семинар Қарқаралы  қаласындағы   Әлімхан  Ермеков  атындағы  №2 ЖББ  мектеп базасында  өтті. Семинар барысында  Абай  және  Қарқаралы аудандарының   педагогтері  іс-тәжірибелерімен  бөлісті.

Семинар қорытындысы бойынша  құттықтау марафоны өтті, онда семинарға қатысушылар «Сүйікті  өлкеме арнау» атты өздерінің құттықтауларын  жазып, 2028 жылға  дейін  уақыт  капсуласына  салынды.   

 Семинарға  Балхаш, Саран, Шахтинск қалалары  және Абай, Бұхар Жырау, Шет, Ақтоғай аудандарынан   50 –ден  астам  облыс   педагогтары  қатысты.