Аңдатпа
01-11-2023 21:13
Аңдатпа

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2023 жылдың 30-31 қазанында облыс педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында Күзгі мектеп өткізіледі.

Күзгі мектеп аясында Қарағанды қаласының С. Сейфуллин атындағы гимназиясы базасында математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өтеді.

«Математика» және «Физика» пәндері бойынша шығармашылық байқау екі блоктан тұрады: әдістемелік және практикалық. Практикалық блокта қатысушылар математика, физика пәндерінің орта мектеп курсындағы бағдарламалық материалы бойынша есептердің шешуін көрсетеді, әдістемелік блокта байқауға қатысушыларға есептердің «дайын шешімдеріндегі» қателіктерді табу қажет болады.

«Информатика» пәні бойынша байқау бағдарламалау тілі бойынша өткізіледі, бағдарламалау тілі еркін таңдалып алынады.

Шығармашылық байқау аясында зияткерлік зал жұмысы және «Олимпиадалық тапсырмаларды шешудің тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында шеберлік сыныптар ұйымдастырылады.

Сондай-ақ онлайн-режимде бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері, тарих, география, химия және биология пәндерінің мұғалімдеріне арналған шеберлік сыныптар өткізіледі.

Барлық мұғалімдерді Күзгі мектеп жұмысына белсене қатысуға шақырамыз!