Размер шрифта:
Республикалық «1000 мектеп» жобасын жүзеге асыру бойынша әдістемелік күн
26-10-2023 17:10
Республикалық «1000 мектеп»  жобасын жүзеге асыру бойынша  әдістемелік күн

26 қазан ZOOM конференциясы арқылы онлайн форматта Республикалық «1000 мектеп»  жобасына енгенНұра, Осакаров ауданының білім беру ұйымдарымен әдістемелік күн өткізілді.

Әдістемелік күнде «Педагогтерді аттестаттаудан  өткізу қағидалары мен шарттары»бойыншаҚО ББД ОӘО білім беру мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің меңгерушісі Мухамедьярова Айгуль Зейнуллаевна жалпы түсінік берді.

Сонымен қатар, Осакаров ауданы білім бөлімінің № 6 жалпы білім беретін мектебінің директоры Лекеров Саят Рымбекович пен Нұра ауданы білім бөлімінің С.Сейфуллин атындағы  ЖББ мектебінің директоры Балабиев Атымтай Ескенович білім беру ұйымдарындағы мектепішілік бақылаудың орындалуы  туралы таныстырылым жасап, анықталған мәселелер мен туындаған қиындықтар бойынша ой бөлісті.

Нұра, Осакаров ауданының білім беру ұйымдарымен жұмыс жасайтын менторлар тарапынан әдістемелік ұсынымдар берілді.