Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарының нәтижелігі - білім сапасын арттыру жағдайы
30-10-2023 16:31
Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарының  нәтижелігі - білім сапасын арттыру жағдайы

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2023 жылғы 30 қазанда Күзгі мектеп аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін шебер-сыныптар  өткізілді. Шебер сыныптарға Қарағанды облысының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің 100 мұғалімі қатысты.

      Тапсырмалардың типологиясы мен оқушыларды пәнге жоғары ынтамен даярлау стратегиялары туралы Қарағанды қаласының «Шәкәрім атындағы гимназиясы»  КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері Журавлева Наталья Герасимовна мен Салдина Анна Геннадьевна айтып берді. «АТ ММЛИ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кауров Станислав Сергеевич

орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында лингвистикалық мәселелерді шешу туралы айтса, дарынды оқушылармен жұмыстағы әдістемелік тәсілдермен «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Амангелдинова Бағдат Ибрахимовна таныстырды. «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында дарынды білім алушыларды дамытудың тиімді әдістері» және «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында мәтінмен жұмыс» тақырыптары аясында Қарағанды қаласының «М.Жұмабаев атындағы гимназиясы» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусаинова Назира Жолдыбаевна және Каржасбаева Мадина Кадыровна өзінің тәжірибелерімен бөлісті.