Күзгі мектеп
2023 жылдың 30 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Күзгі мектеп» аясында «Химиядан олимпиада есептерін шешу» шеберлік сыныбын өткізді.
Шеберлік сыныпта Теміртау қаласының жетекші химия пәні мұғалімдері математикалық теңдеулер жүйесі жоқ екі айнымалысы бар қоспа бойынша олимпиада есептерін шешудің әртүрлі тәсілдерімен, органикалық және бейорганикалық химиядан олимпиада есептері контекстінде олеум мен ангидридтерге арналған есептердің бірнеше жолдарын көрсетті.
Қатысушылар саны: 100