Сервис және қызмет көрсету саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіптік шеберлік конкурсының қорытындылары
30-10-2023 17:47
Сервис және қызмет көрсету саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіптік шеберлік конкурсының қорытындылары

2023 жылдың  24-27  қазанының аралығында Ақтау қаласында Маңғыстау туризм колледжі, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжібазаларында ТжКОББ ұйымдарының педагогтері арасында сервис және қызмет көрсету саласы бойынша кәсіптік шеберліктің III республикалық конкурсы өтті.

Кәсіби шеберлік конкурсы өз шеберлігін көрсетуге, өз мамандығы бойынша үздік болуға мүмкіндік беретін беделді мамандық конкурстарының бірі болып табылады.

Конкурсқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және республикамыздың 16облысының ТжКОББұйымдарының 79педагогықатысты. Қарағанды облысынан3педагог қатысты.

Конкурстық тапсырмаларды сертификатталған сарапшылар, кәсіби шеберліктің бірінші республикалық конкурсының жеңімпаздары, Қазақстан Республикасының құзыреттері бойынша бас сарапшылар, сондай-ақ әлеуметтік әріптестер бағалады.

Қарағанды облысының педагогтері өз құзыреттерінде жоғары кәсіби деңгейін көрсетіп, жүлделі орынмен, кәсіпқойлығы үшін медальонмен және номинациямен марапатталды.

«Аспаз ісі» құзыреті бойынша:

III орын - Үрпатшаева Зарина Махсутқызы, «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;

«Киімді үлгілеу» құзыреті бойынша:

Медальон - Шептунова Инга Вениаминовна, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;

«Наубайшы ісі» құзыреті бойынша:

 «Еңбекқор наубайшы» номинация - Маматова Гульнара Машраповна, «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері.

 

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!