Размер шрифта:
Математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің І күні
30-10-2023 18:47
Математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің І күні

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2023 жылдың 30 қазанында облыс педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында Күзгі мектеп аясында Қарағанды қаласының С. Сейфуллин атындағы гимназиясы базасында математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өтті.

Шығармашылық байқауға облысымыздан Математика пәні бойынша  140  педагог қатысты. Байқаудың қорытындысы 2023 жылдың 31 қазанында Қарағанды қаласының С. Сейфуллин атындағы гимназиясы базасында өтеді.