Размер шрифта:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арналған Күзгі мектеп аясындағы оқыту семинары
30-10-2023 18:04
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арналған  Күзгі мектеп  аясындағы оқыту семинары

2023 жылдың 30 қазанында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Күзгі мектеп аясында оқыту қазақ тіліндегі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жолдары» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында келесі мұғалімдер тәжірибелерімен бөлісті:

  1. Төлепберді Сатира, Осакаров ауданы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ мұғалімі;
  2. Отемисова Асемгуль Кайртаевна, «Ақпараттық технологиялар» ММЛИ мұғалімі;
  3. Дуйсембаева  Бакыт  Бакытбаевна, Балқаш қаласы «Ы. Алтынсарин атындағы N25 ЖББМ» КММ мұғалімі;
  4. Наурызбаева Алмагүл Балтабаевна, Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ мұғалімі;
  5. Исина Гүлден Асылханқызы, Қарқаралы қаласы «Мәди Бапиұлы атындағы №44 жалпы білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық) жанындағы интернат» КММ мұғалімі;
  6. Мәлік Лаура, Қарағанды қаласы «№ 17 ЖББМ» КММ мұғалімі;
  7. Кулпеисова Сабира Избасаровна, Қарағанды қаласы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы КММ мұғалімі

Оқыту семинарына облыстың 200-ге жуық педагогтері қатысты.