Көлік және байланыс саласы бойынша педагогтер арасындағы кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсы
27-10-2023 09:15
Көлік және байланыс саласы  бойынша  педагогтер арасындағы   кәсіби шеберліктің өңірлік  конкурсы

2023 жылдың 27  қазанында Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығыҚарағанды көлік-технологиялық колледжімен   бірлесіп  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы   көлік және байланыс саласы  бойынша кәсіби шеберліктің өңірлік  конкурсын өткізді.

Байқаудың мақсаты - көлік және байланыссаласы бойынша ТжКОБ ұйымдарының талантты, дарынды,  шығармашылық педагогтерін  анықтау және  қолдау.

Байқау бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.

Байқауға 11 педагог қатысты.  Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы CIS жүйесінде критериалды түрде бағалады. СІЅ хаттамасының қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған және 1 орын («Gold») алған үш жүлдегер анықталды:

Кульзаков Арман Нуртаевич,  «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚКөндірістік оқыту шебері (724 балл);

Журавлев Евгений Петрович, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері  (723 балл);

Резников Иван Дмитриевич,  «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері (722 балл).

Өңірлік деңгейде неғұрлым жоғары балл жинаған қатысушының Көлік және байланыс саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіптік шеберлік конкурсына қатысуға құқығы бар.

Қатысушылар  Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.