Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы мәдениет және өнер саласы бойынша кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсы
27-10-2023 11:40
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы мәдениет және өнер саласы бойынша кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсы

2023жылдың 27қазанында«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен«Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы мәдениет және өнерсаласы бойынша кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсы өттті.

Конкурстың мақсаты мәдениет және өнер саласы бойынша педагогтердің шығармашылық жетістіктерін анықтау, техникалық және кәсіптік, орта білім беру ұйымдарының дарынды,шығармашыл педагогтерін қолдау болып табылады.

Байқау 4 құзірет бойынша бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.

Байқауға 13педагог қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Актерлік өнер»мамандығыбойынша:

Гран при –Матамова Мадина Изакеновна, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы;

1 орын  – Пивень Дарья Николаевна, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы;

2 орын  - Федорова  Елена Михайловна, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы;

3 орын - Калкенов Нұрсұлтан Кемелович, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы;

«Вокалдық өнер»мамандығы, «Домбырамен ән айту» құзыреті бойынша:

Грн при –Сәрсенбай Шыңғыс Кенжеғалиұлы, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы;

1 орын –Тлеубаев Сұлтан Ерланұлы,«Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің» КМҚК оқытушысы;

 «Аспаптық орындау»мамандығы бойынша:

Гран при – Тулебаева Эльмира Амангельдиевна, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы;

    1 орын –Ташимова Айнаш Полатхановна, Ешмуратова Анар Асаиновна, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы;

    «Хореографиялық өнер» мамандығы бойынша

Гран при – Майданская Дина Рамазановна, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы;

    1 орын – Өмірзақова Алуа Нурлановна, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы;

Өңірлік кезеңде әр мамандық бойынша Гран при алған жеңімпаздар мәдениет және өнер саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық мәдениет және өнер саласы кәсіби шеберлік конкурсына қатысуға жолдама алды.

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.