«Күзгі мектеп» аясында шетел тілі пәні сабақтарында білімдегі олқылықтарды толықтыру және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастыру тақырыбында шебер сабақтар өткізілді
31-10-2023 15:06
«Күзгі мектеп» аясында шетел тілі пәні сабақтарында білімдегі олқылықтарды толықтыру және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастыру тақырыбында  шебер сабақтар өткізілді

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 30-31 қазанында «Күзгі мектеп» аясында шетел тілі пәні сабақтарында білімдегі олқылықтарды толықтыру және төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылармен жүмысты ұйымдастыру тақырыбында іс тәжірбиені тарату бойынша шебер сабақтар өтті.

    Семинарды Қарағанды  қаласының және Осакаров ауданының ағылшын тілі пәні мұғалімдері өткізді.

     Семинар барысында Ошыбаева З.Ж., Шопенова Н.Б., М.Жұмабаев  атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі  білімдегі олқылықтардың орнын толтыру және ҚМЖ-да орын алуы, саралап оқыту әдістері  бойынша өз тәжірбесімен бөліссе, Адыханова А.С., білім жетістіктерінің төмендеу  (сабақ босату, денсаулық жағдайының болмауы) себептерін анықтау, дискриптордың қолданылуы бойынша  өз ұсынымдарын берді.

Семинар шетел тілі сабақтарындағы олқылықтармен жұмыс бойынша  кері байланыстар, ұсынымдар беріліп қортындылаумен аяқталды.