«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» тақырыбында практикалық семинар
31-10-2023 15:19
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» тақырыбында практикалық семинар

2023 жылдың 31 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Күзгі мектеп аясында Теміртау қаласындағы «№1 Гимназия» КММ және «Б. Момышұлы атындағы мектеп-лицей» КММ іс-тәжірибесін тарату мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» тақырыбында практикалық семинар өткізді.

Семинарда Г. К. Сүйінжанова, «Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, «Адамгершілік-рухани білім беру мен тәрбиені оқу процесіне интеграциялау арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту» тақырыбында сөз сөйледі. «№1 Гимназия» КММ, «Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-лицей» КММ директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары В.В. Никулина; Г.М. Әзімбаева тәрбие жұмысында біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша және аталған мектептердің педагогтеріС.И Филатова., А.Ж, Абдрахманова Н.Н, Бачурина, Ю.К. Васьковская орыс тілі, ағылшын тілі, биология пәндеріндеұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын енгізудің маңыздылығын, әдіс-тәсілдерін көрсетті.