Размер шрифта:
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» тақырыбында практикалық семинар
30-10-2023 16:38
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» тақырыбында практикалық семинар

2023 жылдың 30 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Күзгі мектеп аясында Қарағанды қаласындағы «Мағжан Жұмабаев атындағы гимназия» КММ базасында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» практикалық семинарын өткізді.

Семинарды гимназия директоры С.Ш. Жекебаев ашып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Оқу-әдістемелік орталығының қосымша білім беру және тәрбие бастамаларын дамыту бөлімінің меңгерушісі А.А. Казиева «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» іске асырылуы, кешенді жоспар бойынша мағлұмат беріп, түсіндірді.

«Мағжан Жұмабаев атындағы гимназия» КММ педагогтері семинардың екінші бөлімінде Қ.Қ. Садвакасова, С.Н. Абугалиева, Э.К. Сыздыкова, Б.Қ. Тұрар және педагог-психолог М.К. Кошанова, А.С. Жуматаева іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сабақ барысында, сынып сағаттары және сыныптан тыс іс-шараларда ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын енгізудің маңыздылығы бойынша көрсетті. Семинарды оқу-әдістемелік орталықтың директоры Б.Х. Абдикерова қорытындылады.