Республикалық «1000 мектеп» жобасын жүзеге асыру аясындағы семинар
31-10-2023 17:48
Республикалық «1000 мектеп» жобасын жүзеге асыру аясындағы семинар

Бүгін мектепішілік бақылауды ұйымдастыру және өткізуге  байланысты әдістемелік көмек көрсету мақсатында «1000 мектеп» республикалық жобасына қатысушы мектеп директорларының орынбасарларымен семинар өтті.

Семинар барысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Б.Х.Абдикерова жобаға қатысушы мектептердің мектепішілік бақылауды ұйымдастыруы бойынша атқарылған жұмыстарына талдау жасады және анықталған олқылықтарды жою мақсатындағы  жұмысты қажет ететін мәселелерді айтып өтті.

Сондай-ақ семинар барысында бөлім меңгерушісі Мукашева Г.Г., әдіскерлер Төлепбекова С.Қ., Тукбаева З.И., Жаркеева Г.Б., мектепті басқарудағы бақылауды ұйымдастыру, берілген тапсырмалардың орындалу сапасын бағалау және бақылау құралдары мен әдістерін таңдау, мектепішілік бақылаудың барлық субъектілері арасындағы жауапкершілікті бөлу мәселелеріне тоқталды. Практикалық бөлімде мектептердің 2-4 және 5-9 сыныптарында үш жылдағы білім сапасын талдау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жобаға қатысушы мектеп директорларының орынбасарлары МІБ нұсқаулығына сәйкес жоспарлау бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, кері байланыс жасады, келесі оқу жылына арналған жоспарларымен таныстырды.

         Достық атмосфера, тыңдаушылардың кері байланысы, алған білім одан әрі жұмыс істеуге жақсы мотивация болды.

Семинарға  «1000 мектеп» жобасына қатысушы мектеп директорының 200-ден астам орынбасарлары қатысты.