Аймақтық чемпионаттың «Плитка қаптау» бағыты бойынша байқауы 2016 жылдың 10 наурызында өтті
11-03-2016 11:56
Аймақтық чемпионаттың «Плитка қаптау» бағыты бойынша байқауы 2016 жылдың 10 наурызында өтті

Аймақтық чемпионаттың «Плитка қаптау» бағыты бойынша байқауы 10 наурыз күні Қарағанды технико-құрылыс колледжінде өтті. Байқауға Қарағанды облысы колледждерінен 7 студент қатысты. Әр студент 4 модуль бойынша конкурс сынағынан өтті. 

Модуль 1 – қабырға бетін тегістеу

Модуль 2 – материалды дайындау

Модуль 3 – плитканы қаптау,

Модуль 4 – құрылыс жұмысы

         Конкурс қорытындысы бойынша 7 үміткердің  үшеуі жеңіске лайық деп танылды.Олар:

 І  орын –  Ушкемпиров Ж.М., Қарағанды технико-құрылыс колледжі

ІІ  орын – Збродский М.А., Қарағанды политехникалық колледжі

ІІІ орын –  Арсаев З.Х. Саран гуманитарлы-техникалық колледжі.