Күзгі мектеп аясында дефектолог-мұғалімдерге арналған оқыту семинар
01-11-2023 16:19
Күзгі мектеп аясында дефектолог-мұғалімдерге арналған оқыту семинар

2023 жылғы 31 қазан - 1 қараша аралығында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Күзгі мектеп аясында дефектолог-мұғалімдерге арналған «Арнайы мектеп-интернат жағдайында аутизм спекторы бұзылған білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» оқыту семинарын өткізді.

Тренинг барысында қатысушылар ынталандыру мен кеңестерді қолдану жолдарын, сенсорлық интеграцияны қолдану мәселелерін қарастырды.

Оқуды Қарағанды облысы білім басқармасының «Аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығы» КММ директоры Г.Н. Армиянова өткізді.

«№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ ұжымы «Оқу-тәрбие процесінде аутизм спекторы бұзылған білім алушыларға жеке көзқарасты қамтамасыз ету» тақырыбында кейс-практикум өткізілді.