Размер шрифта:
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының басшылары мен әдіскерлері үшін әдістемелік күн
02-11-2023 16:48
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының басшылары мен әдіскерлері үшін әдістемелік күн

      2023 жылдың 2 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облыстық №5 ПМПК базасында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының директорлары мен әдіскерлері үшін әдістемелік күн өткізді.

Кездесу барысында келесі сұрақтар талқыланды:

- психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

- әлеуметтік-педагогикалық модель жағдайындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қызметі;

- психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының әлеуметтік серіктестігі арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету құралы ретінде.

Талқылау қорытындысына сәйкес әрбір сауал бойынша шешім қабылданды.