2023 жылдың 2 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облыстық №5 ПМПК базасында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының директорлары мен әдіскерлері үшін әдістемелік күн өткізді.
Кездесу барысында келесі сұрақтар талқыланды:
- психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
- әлеуметтік-педагогикалық модель жағдайындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қызметі;
- психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының әлеуметтік серіктестігі арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету құралы ретінде.
Талқылау қорытындысына сәйкес әрбір сауал бойынша шешім қабылданды.