ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН КҮЗГІ МЕКТЕБІ
30-10-2023 17:14
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН КҮЗГІ МЕКТЕБІ

Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 30.10.2023 жылы география мұғалімдері үшін пәндік құзыреттілікті арттыру мақсатында «Күзгі мектеп» аясында шеберлік сыныптарын өткізді. Семинар барысында педагогтар география сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс, сондай-ақ проблемалық оқыту технологиясымен өз тәжірибелерімен бөлісті.

Педагогтер географиялық карта, диаграмма, топография, тектоника бойынша тапсырмаларды шешу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Тыңдаушылардың жақсы пікірлері, алған білімдері одан әрі жұмыс істеуге жақсы мотивация болды.

Барлығы облыстың 200-ден астам педагогы қатысты.