Бірыңғай тәрбие бағдарламасы. Ұлыларды ұлықтау – ұрпаққа парыз
08-11-2023 08:17
Бірыңғай тәрбие бағдарламасы. Ұлыларды ұлықтау – ұрпаққа парыз

      Қазақстан Республикасы оқу-ағарту Министрлігінің Қарағанды облысының мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп 2023-2024 оқу жылына арналған Тәрбиелеудің бірыңғай бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2023 жылғы қазан Алаш қозғалысы қайраткерлерін құрметтеу айы болып белгіленді:

Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл;

Алаштың даңқты ұлы, көрнекті қазақ ақындарының бірі, этнограф, ойшыл және ғалым Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің туғанына 165 жыл;

Ақын, жазушы, философ, тарихшы және композитор Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 165 жыл;

Көрнекті қазақ жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығы;

Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл;

Қазақтың көрнекті ақыны, 20 ғасырдың басындағы жазушы, ойшыл, демократ Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл;

Ақын, жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл.

 

Қарағанды облысының колледждері осы айтулы күндерге арналған бірқатар іс шаралар өткізді:

Тақырыптық сынып сағаттары- «Алаш зиялылары», «Сәкен - сыршыл ақын», «Мағжанның мәңгі мұралары», «Мен жастарға сенемін», «Сәкеннің өнегелі жолы», «Ол өзгерісті аңсады...» - ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына орай», «Мағжан – жыры мәнгілік»;

Ашық сабақтар - «Алты алашқа жайылған Мәшһүр атым», «С.Көбеевке 145 жыл», «Ш.Құдайбердіұлының туғанына 165-жыл», «Мағжан Жұмабаевқа 130-жыл»;

Әдеби кештер – «Жүсіпбек Аймауытовқа 135 жыл», «Алаштың ардақты ақыны С.Торайғыров», «Ш. Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл», «Машһүр Жүсіп Көпеевке 165 жыл», «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары»  С. Сейфулинге130 жыл», «...Я зарею рожден» к 130-летию М.Жумабаева», «Сәкен - сыршыл ақын», «Шәкәрім ақын шалқарынан», «Мәшһүр Жүсіп Көпеев - Алтын жердің түйіршігі», «Адамдық борышың - Халқыңа еңбек қыл», «Ақынның арманы»;

Дөңгелек үстелдер – «Мағжан - сыршыл ақын», «Тіл - адам жанының тілмашы», «Сәкен Сейфуллин - қазақ халқының көрнекті ұлы», «Шәкәрім - ұлы тұлға», «Бес арыстың бірі - Ж. Аймауытов»;

Конференция– «Алаш зиялыларының ұлттың рухани дамуындағы маңызды рөлі»;

Әдеби көрме – «Шәкәрім - ұлы тұлға /Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл», «Мен күн сәулесімен жерден көтерілер едім...», қазақ ақыны С. Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына (1893-1920 жж.)», «Азаттықты аңсаған Алаш азаматтары», «Адамзат таныған ұлы тұлға  - Шәкәрім», «Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы (130 жылдығы)»;

Буктрейлер– «Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығармалар жинағы»;

Патриоттық акция «Алаш зиялылары»;

Челлендж– «Алаштың ардақты ұлы, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойы».

Студенттерді өткізілген іс-шаралармен 1500-ден астам адам қамтылды.

Біздің облыстың 18 колледжі ең белсенді болып шықты:

«Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК;

«Қарағанды машина жасау колледжі» КМҚК;

ҚР «Халық қаһарманы» атындағы Балқаш техникалық колледжі» КМҚК;

«Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК;

«Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КМҚК;

«Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КМҚК;

«Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК;

«Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі» КМҚК;

«Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК;

«Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК»;

«Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;

«Шет агротехникалық колледжі» КМҚК;

«Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК;

«Осакаров ауданының мектеп-интернат-колледжі» КММ;

«Балқаш көпсалалы колледжі» ЖМ;

 «Ж.Қ. Бөкенов атындағы Қарағанды банк колледжі» ЖМ;

«Қарағанды сән колледжі» ЖМ;

«Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі» ЖМ.