Инженерлік сала бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсында I орын
03-11-2023 08:28
Инженерлік сала бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсында  I орын

      2023 жылдың 23 қазанынан 03 қарашасына дейін Өскемен жоғары политехникалық колледжінде инженерлік сала бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтері арасында кәсіптік шеберліктің III республикалық конкурсы өтті.

Байқауға республикамыздың әртүрлі облыстарынан арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Конкурстық сынақтар барысында педагогтер еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша даярлық деңгейін айқындау үшін «Гоша» макетін механикалық беру мен реанимациялаудың практикалық оқытуының, әзірлеу және жобалау элементтерін көрсетті.

Байқау тәжірибе алмасу алаңына айналды, педагогтердің жұмысына жаңа көзқараспен қарауға, педагогтердің кәсіби қызметіне жаңашылдық пен лайфхактар қосуға мүмкіндік берді. Барлық модульдер белгілі бір критерийлер бойынша бағаланды, бұл қатысушылардың нәтижелерін ашық бақылауға мүмкіндік берді. Қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

I орын  Қарағанды машина жасау колледжінің оқытушысы Жумасейтов Нурдаулет  Жумабаевичке  берілді.  Қарағанды облысында  білім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы атынан Қарағанды машина жасау колледжінің ұжымын және  Нурдаулет Жумабаевичті  республикалық конкурстағы  лайықты жеңісімен құттықтаймыз.