Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі аясында «МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ» атты облыстық семинар
08-11-2023 16:45
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі аясында  «МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ» атты облыстық семинар

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен және Теміртау қалалық білім бөлімімен 2023 жылдың 08 қарашасында қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері және математика пәнінің мұғалімдері үшін білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі аясында «Математикалық сауаттылықты дамыту» атты облыстық семинар өткізілді. Барлығы 100 педагог қатысты.

Математикалық сауаттылықты дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдері, математикалық сауаттылық тапсырмаларын құрастыру және орындау бойынша семинар барысында Теміртау қаласының келесі педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісті:

Саганган Бахатгул, Теміртау қаласы «№8 ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі;

Семакина Валентина Николаевна, Теміртау қаласы «№20 мектеп-лицейі» КММ математика пәнінің мұғалімі.