Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 9 қарашада «Шағын отанның әдеби және тілдік орындарының үздік картасы» байқауының қорытындысын шығарды. Байқау «Отбасылық оқу кітапханасы» әлеуметтік-педагогикалық жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды және өткізілді. Байқауға «Орыс тілі мен әдебиеті» бағыты бойынша 11 клуб және «Шет тілдері» бағыты бойынша 8 клуб қатысты. Оқу жылы барысында жобаға қатысушылар өңірлерді зерттеп, google - форматта шағын отанның әдеби және тілдік орындарының картасын жасады. Карталарды таныстыру нәтижелері бойынша келесі педагогтар жеңімпаз атанды:
I орын- Школина Ирина Эвальдовна - Шахтинск қаласының «С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
I орын- Миронова Ирина Владимировна - Саран қаласының «№ 6 ЖББМ» шетел тілі пәнінің мұғалімі;
II орын- Беседина Наталья Николаевна, Теміртау қаласының «№19 ЖББМ» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
II орын- Ботиенко Наталья Владимировна және Тлеугабылова Екатерина Георгиевна, Теміртау қаласының «№1 гимназиясы» КММ шет тілі пәнінің мұғалімдері.
III орын- Таловская Марина Юрьевна, Қарағанды қаласының «№1 гимназиясы» КММ кітапхана меңгерушісі, өлкетану пәнінің мұғалімі.
III орын- Райх Ангелина Владимировна, Абай ауданының «А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ шет тілі пәнінің мұғалімі.