«Табыс симфониясы» педагогикалық шеберлік конкурсының бірінші кезеңі өткізілді.
07-11-2023 16:59
«Табыс симфониясы» педагогикалық шеберлік конкурсының бірінші кезеңі өткізілді.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2023ж  7 қарашасында шетел тілі мұғалімдеріне арналған «Табыс симфониясы» педагогикалық шеберлік байқауының «Өзін-өзі таныстыру» бойынша бірінші кезең өткізілді.

          Байқауға ағылшын тілі пәнінің 20 жас маманы қатысты. Байқауға қатысушылар 5 мин ішінде өздерінің педагогикалық мамандығында кездескен қиындықтары, нәтижелерін еркін түрде тұжырымдап, өздерінің педагогикалық қызметтеріндегі кездескен жаңалықтарымен бөлісті.    Байқаудың екінші кезеңіне  бағалау критериіне сәйкес 13 қатысушымыз өтті. Әділ қазылар алқасының мүшелері ағылшын тілі мұғалімдері  Матшев Тимур Қадырханұлы, Ибрагим Темирлан Сейтжанұлы, Балғабай Динара Нұркенқызы, Айдарбекова Меруерт Ермаханқызын ерекше атап өтті.