«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» тақырыбында практикалық семинар
09-11-2023 15:38
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» тақырыбында практикалық семинар

2023 жылдың 09 қарашасындаҚарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оларды іске асыру жоспары» тақырыбында Осакаров ауданы директорларының орынбасарларына, сынып жетекшілеріне арналған оқыту семинарын қазақ және орыс тілінде өткізді.

Семинарды оқу-әдістемелік орталықтың директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.К. Суюнжанова орыс тілінде , қосымша білім беру және тәрбие бастамаларын дамыту бөлімінің меңгерушісі А.А. Казиева қазақ тілінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» іске асырылуы, кешенді жоспар бойынша түсіндірді.

Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша маңызды құндылықтарды сабақ барысында, сынып сағаттарында, сыныптан тыс іс-шараларда қолдану бойынша практикалық шеберлік сағатты«Мағжан Жұмабаев атындағы гимназия» КММ педагогтері Э.К. Сыздыкова, Б.Қ. Тұрар және С.И. Филатова, Теміртау қаласыныңБауыржан Момышұлы атындағы мектеп-лицей» КММ; Ю.К. Васьковская«№1 Гимназия» КММ іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жүргізді. Жалпы саны: 87 педагог қатысты.