«ЗЕЙІН» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕГІ СЕМИНАР ТАРИХ МҰҒАЛІМДЕРІ ҮШІН
14-11-2023 09:16
«ЗЕЙІН» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕГІ СЕМИНАР  ТАРИХ МҰҒАЛІМДЕРІ ҮШІН

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 14 қарашада «Зейін» жобасын іске асыру шеңберінде тарих мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін арттыру мақсатында шеберлік сыныптарын өткізді. Семинар барысында тарих пәнінің мұғалімдері С.М. Жолтаева, Теміртау қаласының «№9 лицейі» КММ, Д.Е. Ержанова, Қарағанды қаласының «№91 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Г.Б. Әсемханова, Балқаш қаласының «А. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ Қазақстан тарихы сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Мұғалімдер оқушының жеке басын дамытуға, оның ойлауына, өткені мен бүгінін талдай білуге, өз тұжырымдарын жасауға бағытталған жұмыстың әдістемелік формалары мен әдістерін ұсынды. Оқушылардың диалог пен пікірталас жүргізу тәжірибесін алу, шығармашылық қызметке баулу, коммуникативті дағдылар мен жағдайларды модельдеу және проблемалық мәселелерді шешу қабілеттері әдістері қолданылды.

Мейірімді атмосфера, тыңдаушылардың жақсы пікірлері, алған білімдері одан әрі жұмыс істеуге жақсы мотивация болды.

Барлығы облыстың 100-ден астам педагогы қатысты.