Поэзия жүрек әуені болса,
онда эссе – ой әуені.
2023 жылдың 10 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің педагогтеріне эссе жазу бойынша вебинар өткізілді. Вебинардың мақсаты: студенттер мен педагогтерді эссе жазуға үйрету кезінде практикалық қызметте заманауи педагогикалық технологияларды меңгерту арқылы тіл мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамыту.
«Эссе жазуды үйренеміз!»тақырыбында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директорының орынбасары Нартова Татьяна Георгиевна сөз сөйледі.Вебинар барысында келесі тақырыптар талқыланып, ой қозғалды: «Эссе тілдік пәндерді оқытудың заманауи түрі ретінде» тақырыбында «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, орыс тілімен әдебиеті пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы Наталья Сергеевна Тасмасыс баяндама жасады, ол «Эссе халықаралық білім беру бағдарламаларының, колледждер мен университеттердің ажырамас талабы екенін айтып, эссе жазудың өзектілігіне тоқталып, эссе жазу құзыреттілігін меңгеру – өз бетінше шығармашылық ойлау және өз ойын жазбаша баяндау дағдыларын дамыту дегенді білдіреді»-деді.
«Қарағанды жоғары «Bolashaq» колледжі» ЖММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Табарикова Рахима Табарқызы «Эссе жазу кезінде мұғалімнің сәйкес шеберлігін дамыту әдістемесі» тақырыбында баяндама жасады. Ол эссе жазудың әдістемелік ұсыныстары: түрі, классификациясы, құрылымы, ерекшеліктері, стилі және эссе жазудың негізгі ережелері бойынша маңызды түсініктемелер берді.
«Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚК орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Қойшыбаева Құндыз Жакиевна, «Эссе мәселесі дегеніміз не: анықтамасы және шешімі» тақырыбында баяндама жасап, эссе жазу кезінде мәселені шешудің негізгі жолдарына тоқталды.. Ол қателермен жұмыс істеу туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
«Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» КМҚК орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Серікова Асыл Жанатқызы «Эссе – тілдік дағдыларды бағалау және дамыту құралы» тақырыбында өте қызықты баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісіп, оқытудың жаңа «Фрирайтинг», «Сұрақ-жауап» әдісі, «POPS формуласы» әдіс-тәсілдерін, қолдануға болатындығын көрсетіп, эссе тек кәсіби ғана емес, сонымен қатар жалпы мәдени құзыреттіліктерді қалыптастыратынын атап өтті. Эссе жазу дағдысын меңгеру үлкен бәсекелестік жағдайында түлектер үшін еңбек нарығында шешуші рөл атқаруы мүмкіндігін айтты.
Вебинар өте мазмұнды және пайдалы болды, барлық спикерлер ақпаратты егжей-тегжейлі, қолжетімді түрде және қызықты мысалдармен ұсынды. Барлық қатысушыларға вебинардан алынған материалдар өте пайдалы болатыны сөзсіз.