Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 15 қарашасы күні халықаралық зерттеулерге қатысатын мектептердің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Функционалдық сауаттылық: оқу дағдыларын дамытудың тиімді тәсілдері». Нетворкинг аясында әдіскер К.П. Цой оқырман мәдениеті деңгейінің төмендеу себептері және оқушылардың оқуға деген ынтасының төмендігі туралы айтты. «№2 лицейі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ким Анжелика Александровна оқу сауаттылығын дамыту аясында оқушылармен жүйелі жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті. Оқу сауаттылығының деңгейлері, мәтіндер мен тапсырмалардың түрлері, мәтінмен жұмыс істеу кезеңдері қарастырылды, тұтас, үздіксіз және аралас мәтіндермен жұмыс істеуге арналған тапсырмалардың мысалдары келтірілді. Нетворкинг өткізу қорытындысы бойынша мұғалімдер оқу сауаттылығын жетілдіру бойынша жұмыс оқушылар үшін мағыналы, нәтижелі оқуға ынтасын туғызады, әртүрлі оқу міндеттерін шешуде қажетті танымдық және практикалық дағдыларды интеграциялау қабілетін дамытады деген қорытындыға келді.
Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту аясында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған нетворкинг