Размер шрифта:
«Зейін жобасы» аясында функционалдық сауаттылықты дамыту
16-11-2023 17:33
«Зейін жобасы» аясында функционалдық сауаттылықты дамыту

      Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 16 қарашасында «Зейін» жобасын жүзеге асыру аясында химия және биология пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мақсатында семинар өткізді.Семинар барысында химия және биология пәнінің мұғалімдері А.Ж. Нығматулина, Г.С. Ермекова («Дарын» ММЛИ), Ф.А. Сатмолдина, М.Е. Ендібай, М.М. Мұсаев («Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ) сабақтарда білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті

Педагогтар білім алушылардың жеке басын дамытуға, оны ойлауға, талдай білуге, өзіндік қорытынды жасауға бағытталған әдістемелік нысандар мен жұмыс әдістерін ұсынды.Тыңдаушылардың пікірлері, алған білімдері әрі қарай жұмыс істеуге жақсы түрткі болды.

Облыста барлығы 100-ден астам педагог қатысты.