Колледждерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша облыстық семинар-практикум
16-11-2023 16:37
Колледждерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша облыстық семинар-практикум

      2023 жылдың 16 қарашасында Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыс колледждері директорларының орынбасарларына арналған «Колледждердегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өткізілді.

Семинардың мақсаты білім берудің әлеуметтік-педагогикалық моделі аясында колледждерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздерін пысықтау болды.

 «Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директорының орынбасары Нартова Татьяна Георгиевна алғы сөз сөйлеп, инклюзивті білім беру жүйесінде жұмыс жасау мәселелері бойынша педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттырудың маңыздылығы туралы айтты.

«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жұмыс»тақырыбында Қарағанды облысының білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы» КММ әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу зертханасының меңгерушісі Любчанская Татьяна Витальевна студенттерді психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етуде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының рөліне тоқталды.

«Қарағанды  техника-құрылыс колледжі» КМҚК директорын оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Жуманбаева Куралай Асылбековна«Нормативтік құқықтық актілер аясында колледж студенттерінің қажеттіліктерін бағалау» тақырыбымен семинар қатысушыларына ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеу туралы ережемен жан-жақты таныстырып, оқу процесінде бір себептермен оқуда қиындықтарға тап болатын балалар болатынын және олардың ерекше білім беру қажеттіліктер қанағаттандырылуы керек дей отырып, инклюзивті білім беру жеке-дара қабылданатын нәрсе емес, инклюзивтік бүкіл білім беру жүйесінің қағидасы екенін түсіну маңызды екеніне нақты тоқталып өтті.

«Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша ерекше білім беруді қажет ететін студенттерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету»тақырыбында «Қарағанды тау-кен индустриалды колледжі» КМҚК педагог-психологі Алла Викторовна Демченко сөз сөйлеп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті, жүргізілетінпрактикалық тәжірибелерін ұсынды.

Семинарға 30 адам қатысты. Жұмыс барысында семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Семинар соңында тренинг арқылы рефлексия ұйымдастырылып, қатысушылар өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.