Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 17 қарашада ZOOM платформасында онлайн режимде мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттардың тарих және география пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысын өткізді.
Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Тулепбекова Светлана Карагуловна география пәні бойынша орта білім беру ұйымдарында оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу (МОДО-2023) қорытындысының жан-жақты талдауымен таныстырды. талдау нәтижесі бойынша 9-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық нәтижелерін ұйымдастыруға тоқталды. Жалпы мониторингілеу нәтижесінде Қарағанды облысы 3-орынды, ал жаратылыстану сауаттылығы бойынша 1-орынды иеленгенін атап өтті.
Отырыста «Озат» мамандандырылған мектеп-интернат-инновациялық технологиялар» КММ география пәнінің мұғалімі А.А. Шакасимов, Білім инновация № 2 лицей» КММ тарих пәнінің мұғалімі. Қ. Азатқызы өз тәжірибелерімен бөлісті. Мұғалімдер сыни ойлау әдістерін дамыту арқылы оқу-танымдық қызметті қолданды.
Мейірімді атмосфера, тыңдаушылардың жақсы пікірлері, алған білімдері одан әрі жұмыс істеуге жақсы мотивация болды.