Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы танымдық қызығушылықты қалыптастыру, инновациялық құзыреттілікті, WEB-технологиялар саласындағы шығармашылық қабілеттерді дамыту мақсатында, сондай-ақ облыстық «Web-мастер» жобасы аясында 2023 жылдың 21 қарашасында «Wordpress, MySQL - мәліметтер қорында және php тілінде сайт платформасын құру» және «Создание сайтов с помощью конструктора»тақырыптарында шеберлік - сыныптар өткізілді.
Шеберлік - сыныпқа Қарағанды облысының 100 педагогі қатысты. Тренер: сайттарды жасау бойынша жоғары білікті мамандар – Оразбаев Абзал Асылович, «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ және Мациевская Дарья Олеговна, Шахтинск қаласы,«№2 ЖББМ»КММ, «Web-мастер 2023» байқауының жүлгері.
Шеберлік – сыныптар соңында педагогтер тренердің сауаттылығы мен кәсібилігін, сондай-ақ материалды берудің анықтығы мен қисындылығын атап өтті.
Рефлексия нәтижелері бойынша шеберлік-сыныптар мұғалімдер үшін қажет және қызықты екендігі анықталды.