2023 жылдың 23 қарашасында ZOOM платформасында Қарағанды облысының орта білім беру ұйымдарында жәнетехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысына жауаптылар үшін «Мектеп-Колледж-Кәсіпорын өзара әрекеттесу жүйесі» облыстық семинар-тренингі өтті.
Семинардың мақсаты - кәсіптік бағдар беру жұмысының жаңа формалары мен белсенді әдістерін іздеу.
Спикерлер ретінде сөз сөйледі:
Оразбекова А. С., «Ustaz Ulytau» педагогикалық трансформация орталығының, «Ұлытау» қайырымдылық қорының «Мектептегі кәсіптік бағдар» жобасының жетекшісі, «Мектептер, колледждер, жоғары оқуорындарының кәсіптік бағдар берушілерінің рөлі мен өзара іс-әрекеті» тақырыбында;
Есімханова Ж., «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ студенті, «Балқаш мыс балқыту зауытынан алғашқы өрескел мысты бергеніне 85 жыл» тақырыбында;
Свердлова Е.А., «My college.kz» жоба жетекшісі, «My college.kz» жүйесі арқылы кәсіптік бағдар беру жұмысы» тақырыбында;
Бектаев Н.Ш., «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, «ZhasSkills Kazakhmys 2023» Ережесін түсіндіру» тақырыбында;
Кудайбергенов А.А., Керимбеков Т., Ксенхан Р., «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметкерлері, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ түлектері, «Колледжді бітіргеннен кейін өндірістегі мансаптық өсу және жұмысқа орналасу» тақырыбында.
Кәсіптік бағдар жұмысына жауапты 57 педагог қамтылды.