2023 жылдың 24 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжімен бірлесіп техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы денсаулық сақтау саласының «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты - денсаулық сақтау саласы бойынша білім беру ұйымдарының талантты, дарынды, шығармашылық педагогтерін анықтау және қолдау.
Конкурс екі кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар кәсіби дағдыларын көрсетті.
Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген 5 оқытушы қатысты.
Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
1 орын -Калиева Гульмира Абдикеновна, «Қарағанды облыстық мейіргерлік жоғары колледжі» ҚМК арнайы пәндер оқытушысы;
2 орын - Смагулова Асель Бакытовна, «Балқаш қаласының медициналық колледжі» КМҚКарнайы пәндер оқытушысы;
3 орын - Миннеханова Альфия Раисовна, «Қарағанды облыстық мейіргерлік жоғары колледжі» ҚМК арнайы пәндер оқытушысы.
Қатысушылар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды
Аймақтық кезеңде 1 орын алған катысушы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Мейіргер ісі» мамандығы бойыншаРеспубликалық кәсіби шеберлік конкурсына қатысуға құқылы.