Жас мамандарға оқытудың инновациялық әдістерін қолдану бойынша облыстық семинары
24-11-2023 10:09
Жас мамандарға оқытудың инновациялық әдістерін қолдану бойынша облыстық семинары

      2023 жылдың 24  қарашасында ZOOM платформасында   «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК  және  «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК  ұйымдастыруымен «Электромеханикалық және тау-кен жабдықтарын монтаждау және техникалық қызмет көрсету» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің  жас мамандарына  арналған оқытудың инновациялық әдістерін қолдану бойынша облыстық  семинар өткізілді.

Семинар мақсаты:оқыту саласындағы озық тәжірибелермен алмасу және оқытудың инновациялық әдістерін қолдану үшін жас педагогтердің арасында жемісті диалог құру.

 

Спикерлер ретінде сөз сөйледі:

Маевская И. А., «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы,«Арнайы пәндерді оқу кезінде схемотехниканы қолдану» тақырыбында;

Саттыбаева А. Р.,  Хамзина Г. М., «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушылары, «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқытудың инклюзивті тәсілдері: табысты оқытудың тиімді стратегиялары» тақырыбында;

Салихов Н. Х., «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері, «Студенттер арасындағы кәсіби шеберлік конкурстары кадрларды даярлау деңгейін арттыру құралы ретінде» тақырыбында;

Мұрат Т. А., облыстық әдістемелік бірлестіктің төрайымы, арнайы пәндер оқытушысы, Құрманбекова  Н. Е.,«Қарағанды тау-кен индустриалды колледжі» КМҚК, өндірістік оқыту шебері, «Тау-кен мамандарын даярлаудағы заманауи үрдістер» тақырыбында;

Шамратова А. И., «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК математика пәнінің оқытушысы, тәжірибелік бөлік -  «Жанып тұрған тур» Веб-квестін өткізді.

Семинарға  58 педагог қатысты.