Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 29 қарашада халықаралық зерттеулерге қатысатын мектептердің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін "Оқу сауаттылығын дамыту: тұтас мәтіндермен жұмыс"атты нетворкинг өткізді. Нетворкинг аясында Осакаров ауданының "Абай атындағы Тірек мектебі (РО)" КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елена Васильевна функционалдық сауаттылық бойынша жүйелі жұмыстарымен және тұтас мәтіндермен жұмыс жасау бойынша тәжірбиесімен бөлісті. Оқу сауаттылығының әрбір деңгейі бойынша тапсырмалар қаралды, тұтас мәтіндермен жұмыс істеуге арналған тапсырмалардың мысалдары келтірілді. Нетворкингке қатысқан мұғалімдер алты бағыт бойынша бірқатар тапсырмаларды орындады: мәтін мазмұнындағы жалпы бағдар және тұтас мағынаны түсіну, мәтіннен ақпарат іздеу, мәтінді түсіндіру, мәтін мазмұнына рефлексия, мәтін формасына рефлексия.
Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған "Оқу сауаттылығын дамыту: тұтас мәтіндермен жұмыс" нетворкингі