2023 жылдың 28 қарашасында химия және биология оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қарағанды тау-кен индустриалды колледжі» КММ және «Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖММ бірлесе отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 1-2 курс студенттері арасындағы химия-биология пәндері бойынша облыстық қашықтық олимпиадасы өткізді.
Олимпиаданың мақсаты: ғылыми білімді насихаттау және ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту, дарынды оқушыларды анықтау, олардың одан әрі интеллектуалдық дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау, білім алушыларды республикалық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау.
Облыстық олимпиадаға төрт бағыт бойынша облыс колледждерінен 85 студент қатысты.
Студенттердің жұмысы ZOOM, MOODLE платформасында және https://quizizz.com веб-сайтында орындалды. Олимпиада үш кезең бойынша өтті.
Студенттердің жұмыстарын байқаудың қазылар алқасы критерийлер бойынша бағалады.
Олимпиада қорытындысында әр бағыт бойынша жеңімпаздар анықталды.
Мемлекеттік тілдегі «Химия» пәні бойынша:
1 орын - Омиржанов Оразали,«Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ;
2 орын - Муратов Танирберген, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;
3 орын -Аманқұл Аяжан,«Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжі» ЖММ.
Орыс тіліндегі «Химия» пәні бойынша:
1 орын -Пляскина Елизавета,«Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;
2 орын - Суппес Владимир,«Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК;
3 орын - Ахметбек Айжұлдыз, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ.
Мемлекеттік тілдегі «Биология» пәні бойынша:
1 орын - Муратов Мирас,«Балқаш қаласының медициналық колледжі» КМК;
2 орын - Таженов Алан, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;
3 орын - Заханқызы Жансая, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК.
Орыс тіліндегі «Биология» пәні бойынша:
1 орын - Жакупова Лейля,«Шетел тілдер колледжі» ЖММ;
2 орын - Багаутдинов Ибрагим,«Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК;
3 орын - Коломец Софья,«Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі» КМҚК.
Қатысушылар сертификаттармен, жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.