Размер шрифта:
Кәсіби шеберлік байқауының «Шаштараз өнері» құзіреттілігі бойынша конкурсы
18-03-2016 13:10
Кәсіби шеберлік байқауының  «Шаштараз өнері» құзіреттілігі бойынша  конкурсы

Әлем бойынша кәсіби дайындық және біліктілік стандарттарының дәрежесін көтеріп, өрістету мақсатындағы «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2016»  кәсіби шеберлік байқауының  «Шаштараз өнері» құзіреттілігі бойынша  конкурсы наурыздың 17-18 жұлдызында Қарағанды технология және сервис колледжінде өтті.  

Конкурсқа Қарағанды облысы колледждерінен 17 студент қатысты. Олардың алдында өте жауапты іс тұрды, конкурс қатысушылары 5 модуль бойынша сынақтан өтті:

МОДЕЛЬ А - «КАРЭ» шаш қию үлгісі негізіндегі креативті шаш қию үлгісі және оны сәндеу

МОДЕЛЬ B – Қосалқы шаштармен жасалған кешкі шаш үлгісі

МОДЕЛЬ E – Ұзын шашқа арналған той шаш үлгісі

МодельC - HAIR TATTOO – ұлттық өрнек (ерлерге арналған)

МОДЕЛЬ G – Қазіргі заманғы ерлер шаш үлгісі «БАРБЕР СТАИЛ»

Конкурс қорытындысы бойынша 17 үміткердің  үшеуі жеңіске лайық деп танылды.Олар:

   1 орын -  Курдакова Анастасия Викторовна  "Қарағанды кәсіби-техникалық колледжі", жетекшісі    Намакова Оксана Павловна, оқу өндірістік шебері.

   2 орын - Каниязова Айзада Азатовна "Қарағанды кәсіби-техникалық колледжі" жетекшісі Коба Ирина Петровна, оқу өндірістік шебері.

   3 орын – Юсупбекова Аяулым Нуржановна "Қарағанды технология және сервис колледжі", жетекшісі Балмаганбетов М.А., оқу өндірістік шебері.