Әлем бойынша кәсіби дайындық және біліктілік стандарттарының дәрежесін көтеріп, өрістету мақсатындағы «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2016» кәсіби шеберлік байқауының «Шаштараз өнері» құзіреттілігі бойынша конкурсы наурыздың 17-18 жұлдызында Қарағанды технология және сервис колледжінде өтті.
Конкурсқа Қарағанды облысы колледждерінен 17 студент қатысты. Олардың алдында өте жауапты іс тұрды, конкурс қатысушылары 5 модуль бойынша сынақтан өтті:
МОДЕЛЬ А - «КАРЭ» шаш қию үлгісі негізіндегі креативті шаш қию үлгісі және оны сәндеу
МОДЕЛЬ B – Қосалқы шаштармен жасалған кешкі шаш үлгісі
МОДЕЛЬ E – Ұзын шашқа арналған той шаш үлгісі
МодельC - HAIR TATTOO – ұлттық өрнек (ерлерге арналған)
МОДЕЛЬ G – Қазіргі заманғы ерлер шаш үлгісі «БАРБЕР СТАИЛ»
Конкурс қорытындысы бойынша 17 үміткердің үшеуі жеңіске лайық деп танылды.Олар:
1 орын - Курдакова Анастасия Викторовна "Қарағанды кәсіби-техникалық колледжі", жетекшісі Намакова Оксана Павловна, оқу өндірістік шебері.
2 орын - Каниязова Айзада Азатовна "Қарағанды кәсіби-техникалық колледжі" жетекшісі Коба Ирина Петровна, оқу өндірістік шебері.
3 орын – Юсупбекова Аяулым Нуржановна "Қарағанды технология және сервис колледжі", жетекшісі Балмаганбетов М.А., оқу өндірістік шебері.