Халықаралық «Компьютерлік ғылымдар апталығы» және «Қазақстандағы Код сағаты» акциясы аясындағы ІТ сыныптар арасында тәжірибемен алмасу
05-12-2023 16:53
Халықаралық «Компьютерлік ғылымдар апталығы» және «Қазақстандағы Код сағаты» акциясы аясындағы ІТ сыныптар арасында тәжірибемен алмасу

 2023 жылдың 05 желтоқсанында Педагогтердің ІТ саласындағы инновациялық құзыреттілікті дамыту, танымдық қызығушылықты қалыптастыру мақсатында Халықаралық "Компьютерлік ғылымдар апталығы" және "Қазақстандағы Код сағаты" акциясы аясындағы ІТ сыныптар арасында тәжірибемен алмасу өткізілді.

Тәжірибемен алмасу келесі тақырып бойынша өтті:

«Білім беру робототехникасы арқылы ұлттық дәстүрлерді көрсету. «Қыз қуу» -Мукашева Назира Каппаровна, Қарағанды қаласының «№66 мектеп - лицейі» КММ, Нурмаганбетов Талгат Сабитович, № 1 арнайы мектеп-интернат.

Рефлексия нәтижелері бойынша педагогеар барлығы өте жақсы дәрежеде өткенін атап өтіп, робототехника бойынша қосымша семинарлар ұйымдастыруды ұсынды.