Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу -әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен «Айгөлек» б/б КМҚК базасында «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» облыстық форумы аясында «Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру барысында «Алғашқы ұстаз -ата-ана» жобасының ашық есік күнін өткізді.
Семинардың мақсаты: педагогтердің кәсіби құзіреттілік деңгейін арттыру, ата - анамен қарым - қатынасты нығайту. Ұлттық мұраны, адами құндылықтарды қастерлеуге, ісіне халқына адал қызмет ететін, үлкенге құрмет, кішіге ізет өскелең жас ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеу.
Жұмыстың дәстүрлі түрлері «Алғашқы ұстаз - ата –ана» жобасын іске асыру моделі.
«Ата -әже өнері -балаға мұра» шағын мұражайы, «Киіз үйлер шеруі», «Құрастырмалы киіз үй», «Ұлттық тағамдар», Құрақ – «адамның басы құралсын» дешен ырыммен тігілген көрпеден паздар құру. Асық - асыл мұрамыз. Ұлттық киімдер, тақияның пішу жолдары. Қамшы өру. Дәстүрлі емес марблс тастары арқылы ұлттық оюларды бейнелеу. Құм терапиясы арқылы ұлттық киімдерді және ойындарды планшетте бейнелеу. Медиа ойыннын қолдану. Қазақ тілі кабинетіне саяхат.
Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран қалаларынан, сондай-ақ Бұқар Жырау, Нұра, Шет аудандарынан 30-дан астам педагог қатысты.
Семинарға қатысушылар семинар жоғары деңгейде өткізілгенін, әркім өзі үшін пайдалы және маңызды ақпарат алғанын және оны әріптестеріне жеткізетінін атап өтті.