Қарағанды облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Бірыңғай тәрбие бағдарламасын» іске асыру мақсатында «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында іс-шаралар өткізуде.
«Ар-ұят» құндылығына арналған 5 желтоқсан күні Қарағанды қаласының «Қаныш Сәтбаев атындағы гимназия» КММ базасында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту» тақырыбында семинар өтті. Семинар жұмысы «Бабалар аманатына адалдық – ұрпақ парызы», «Ар-намысым, ұятым, ҮШ әріпке сиятын», «Алашым – мақтанышым», «Тәрбие тамыры – ұлттық құндылықтарда» бағыттары бойынша жүрді.
Семинарда педагогтер шеберлік сыныптар арқылы өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған қойылымдар мен танымдық сайыстар көрсетті.
Семинарға барлығы 100-ден артық педагогтер мен қонақтар қатысты.