«Еңбегі адал жас өрен» жобасы бойынша «Ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» облыстық форумы аясындағы «Болашаққа бір қадам» облыстық семинар-практикумы
06-12-2023 12:10
«Еңбегі  адал жас өрен» жобасы бойынша  «Ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» облыстық форумы аясындағы «Болашаққа бір қадам»  облыстық семинар-практикумы

      2023 жылдың 6 желтоқсанында Қарағанды тау-кен индустриалды колледжінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен «Талап» ұлттық құндылығын қалыптастыру бойынша «Еңбегі  адал жас өрен» жобасын жүзеге асыру) «Бірыңғай тәрбие бағдарламасына» сәйкес «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» облыстық форумы аясында «Болашаққа бір қадам»  облыстық семинар-практикумы өтті.

Семинардың ашылуында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі А. А. Кнашина «Жалпыадамзаттық құндылықтар – рухани дамудың қайнар көзі» тақырыбымен, «Қарағанды тау-кен индустриалды колледжі» КММ директоры Н.А. Әбденов «Оқыту мен тәрбиелеудегі ұлттық құндылыққа негізделген әдіс-тәсілдер» тақырыбымен сөз сөйледі.

Бұдан әрі бекітілген бағдарламаға сәйкес «Қарағанды тау-кен индустриалды колледжі» КММ педагогтері қатысқан колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына келесі жұмыстарды ұсынды:

-«Кәсіби өзін-өзі анықтаудың өзектілігі: кәсіби перспектива және шындық» тақырыбында баяндама, Абельгазина А.О.,директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;

-«Қазіргі әлемдегі кәсіби тұлға» тақырыбында баяндама, Құрманбекова Н.Е.,өндірістік оқыту шебері;

- «Зияткерлік қабілеттер мен кәсіби қызметті таңдау мотивтерінің өзара байланысы»тақырыбында баяндама, Мякушко Ю.С.,директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары;

- командаларда жұмыс істеу, үш бағыт бойынша кәсіби сынамалардың фрагменттерін көрсету, Сулейменова А.М., Смойлов Е.Т., Карибжанов Т.Н., өндірістік оқыту шеберлері;

-оқу шахтасына экскурсия өткізе отырып, «Адам  еңбекте, тек еңбекпен ұлы бола алады»тақырыбында сөз сөйлеу, Рымканова З.Б.,өндірістік оқыту шебері;

- рефлексия өткізе отырып, «Адам жеке тұлға, субъект, тұлға, дара, әмбебап жан ретінде» тақырыбында баяндама жасау, Демченко А.В.,педагог-психолог.

Семинар соңында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі А. А. Кнашина және спикерлер қорытынды бөлімді өткізді, онда қатысушылар қызықтырған сұрақтарға жауап алды, ұсыныстар берілді және семинардың қорытындысы шығарылды.