Қарағанды облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Бірыңғай тәрбие бағдарламасын» іске асыру мақсатында «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында іс-шаралар өткізуде.
«Ұлттық мүдде» құндылығына арналған 4 желтоқсан күні Теміртау қаласы білім бөлімінің «№1 гимназиясы» КММ базасында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында орыс мектептеріндегі қазақ тілі мұғалімдеріне арналған семинар өтті.
Семинар аясында «Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ тілді үйретуде қолданылатын көрнекіліктер мен әдістемелік кешендермен таныстырып, шағын көрме ұйымдастырды.
Сонымен қатар, педагогтер өз іс-тәжрибелерімен бөлісті:
- Анарбаева Фарида Сметовна, Теміртау қаласы «№24 ЖББМ» КММ;
- Нұрсейітов Досжан Жандарбекович, Теміртау қаласы «Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп – лицей» КММ;
- Рустемов Думан Абжижаббарович, Теміртау қаласы «№22 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
- Такауиева Салтанат Рымбековна Теміртау қаласы «№22 жалпы білім беретін мектебі» КММ.
Семинарға барлығы 100-ден артық педагогтер мен қонақтар қатысты.