Қарағанды облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Бірыңғай тәрбие бағдарламасын» іске асыру мақсатында «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында іс-шаралар өткізуде.
«Талап» бағытына арналған 6 желтоқсан күні Бұқар жырау ауданының «Үштөбе тірек мектебі (РО)» КММ базасының мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында облыстық форум өтті. Форум жұмысы ұлттық қолөнерге, қазақ халқының мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру, салт-дәстүрімізді жаңғырту мақсатындағы әжелер, әкелер мектебінің, қыздар клубы, отаншыл тұлға тәрбиелеуге арналған жас жыршылардың, жас патриоттар үйірмесі жетекшілерінің бағыттары бойынша жүрді.
Форумда педагогтер шеберлік сыныптар арқылы өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған қойылымдар мен танымдық сайыстар көрсетті.
Форумға барлығы 50-ден артық педагогтер мен қонақтар қатысты.